Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот "НеМолчи" қорының жетекшісін қамауға алуға рұқсат берді

Сот "НеМолчи.kz" қорының басшысы Динара Смайылованы (Дина Таңсәрі) қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, 16 қазанда Өскемен қалалық ІІБ Смайыловаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Дина Таңсәрінің қылмыстық іс бойынша әрекеті қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.

"28 желтоқсан күні Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смайыловаға қатысты қамауға алынған күннен бастап екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәріге алты қылмыстық іс қозғалып, оның екеуі "Алаяқтық" бабы бойынша тергеліп жатқаны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ ол алаяқтық бойынша қозғалған істерге қатысты түсініктеме берді.

Айтуынша, оның жұбайы екеуінің шоттары бұғатталған. Сондықтан олар ақылы заң көмегіне жүгіне алмай отыр.

“Барлық есепшоттар мен аударымдар бар. Бірақ олар менен оны сұрамады, істің басталғанынан хабардар етпеді. Тіпті менің дәлелдерімді тыңдамады, есептерімді зерттемеді. Олар есептер жоқ таңдаулы посттарды ғана іске қосқан", — деді ол.

Талқылау