Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Ақтауда 5 жасар қызды азғындаған жаттықтырушыға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Адвокат Ажар Әбділ бес жасар қызды азғындаған жаттықтырушыға қатысты үкімнің өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зорлау

Жаттықтырушы сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткені үшін 20 жылға сотталған еді. 

"Сот отырысы кезінде апелляциялық сот коллегиясы үкім заңды әрі әділ деген қорытынды шығарып, өзгеріссіз қалдырды. Ал адвокаттың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Үкім бүгіннен бастап заңды күшіне енді", – деді Ажар Әбділ. 

Еске салайық, жаттықтырушы қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып, бірнеше рет жыныстық зорлық көрсеткен. Бұл жағдай туралы НеМолчи қорының басшысы Дина Смайылова мәлімдеді. 

Талқылау