Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот "АЭС салу қауіпті" деген қазақстандық ер адамның талап-арызын қанағаттандырмады

АЭС салу қарсы шыққан қазақстандық ер адамФото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған

Сот Қазақстанда Атом электр станциясы салынатын орынды анықтау туралы үкіметтің қаулысын заңсыз деп тану жөніндегі азаматтық белсендінің талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот талапкер, азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевтің Алматы облысы Жамбыл ауданында АЭС салу жоспарланып отырған аумақтың әлеуетті қауіптілігі жөніндегі уәждерін дәлелсіз деп тапты.

Талапкер Әлнұр Ильяшев болашақта АЭС салынады деп жоспарланған аудан Ресей жалға алған Сарышаған сынақ полигонынан қауіпсіз қашықтықта орналаспаған деп есептейді. Ол бұл жерде құрылыс жүргізу туралы шешім заңға қайшы деп санаған еді.

Ал жауапкер, яғни сот атом энергиясы агенттігінің өкілдері АЭС-тің тек орналасатын ауданы ғана анықталғанын, ал нақты салынатын орны әлі белгіленбегенін мәлімдеді.


Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салуға кем дегенде 14 миллиард доллар жұмсалмақ


Қазақстандағы үш жылу электр станциясының құрылысы: Министрлік Қытай мен Кореяның инвестор болу мүмкіндігін жоққа шығармады


Еске салайық, бұған дейін 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Сол кездегі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевқа (қазір Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы) үкімет отырысында "Сіз бұл жобаның қауіпсіз екеніне сенімді болсаңыз, отбасыңызбен бірге Үлкен ауылына көшіп баруға дайынсыз ба?" деген сұрақ қойылды. Министр бұл сұрақты "ыңғайсыз" деп атады, бірақ қауіпсіздікке сенетінін айтып, ол жаққа тұрақты барып тұруға дайын екенін жеткізді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 12 Шілде, 2025 15:05
Талқылау