Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот адвокаттарды соққыға жыққаны үшін депутат Тұрлыхановтың ұлының жазасын қатаңдатпады

ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұзақылық ниетпен екі адамның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген әскери қызметші Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Турлыханов коллаж

Аталған соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші сот үкімімен Нұрасыл Болатқа 500 АЕК – 1 7125 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Зардап шегушілердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіріліп алынды.

“Сот айыпталушы Н.Болат биылғы 11 ақпанда сағат 02.00 шамасында "Ева" түнгі клубының жанында бұзақылық ниетпен жәбірленуші ерлі-зайыпты Ч.-ларға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіргенін анықтады. Сотталушының кінәсі өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен дәлелденді”, – делінген ақпаратта.



Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім мемлекеттік баж сомасы бөлігінде 1 725 теңгеге дейін төмендетілді. Сонымен қатар сотталушыдан зардап шегушінің пайдасына өкілінің апелляциялық сатыда сотқа қатысқан қызметіне төлеген 400 мың теңге шығыны өндіріліп алынды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-ның 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін депутат ұлының жасаған іс-әрекетіне қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау