Соңғы байқау: Димаш Құдайберген америкалық жобаның анонсын жариялады
Соңғы байқау. Димаш Құдайберген Америкада өтетін жобаның анонсын жариялады. Отандасымыз осыдан кейін ешқандай байқауға қатыспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Бәрін басынан бастау. Бірақ соған тұра ма? Тұрады. Себебі жоғалтуға дайын болмаған адам, жеңіске де дайын емес. Уақыт келді. 3 ақпан. Америка. “CBS” арнасында жаңа шоу. Бұл менің соңғы байқауым болмақ”, – деп жазды Димаш желідегі парақшасында.
Айта кетейік, The World’s Best яғни “Әлем үздігі” шоуы 3 ақпан күні көрерменге жол тартады. Америкалық сайттың хабарлауынша, фанаттар шоу басталмас бұрын өз фаворитін тауып үлгерген. Ол – қазақстандық Димаш Құдайберген.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”