Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соңғы рет студент кезімде міндім": Айгүл Иманбаева 17 жылдан кейін автобусқа отырды

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші, актриса Айгүл Иманбаева араға 17 жыл салып, автобусқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Алайда өнер иесі автобустардың жүру уақытының арасы ұзақ екеніне ашуланып қалды. 

“Астана көшелерінің бірінде тұрмыз. Қазақ ұлттық өнер университетіне баруым керек. Автобусқа отыруды жөн көрдім. Бірақ кешігіп жатыр, ертерек шығу керек екен. 10 минут бойы автобус күтіп тұрмыз. 1997 жылы студент болып жүргенде ғана отырдым. Содан бері автобусқа мінбеппін. 17 жылдан кейін отырайын деп тұрмын. Лондонда оқып жүргенде метромен сабаққа бардым. Ал өз елімде енді отырмақпын”, – деп жастық шағын есіне алды актриса 



Сонымен қатар актриса жасөспірім кезін еске алып, мінезі қандай болғанын айтты. Сол сәттерді ойласа, анасына қатты жаны ашитынын жасырмады. 

“Анамды ойласам, жаным ашиды. Себебі бала кезде өте бұзық болдым. Итке де, есекке де таландым. Бұзаудың үстіне отырып, қолымды да сындырдым. Бірақ соған қарамастан мектепті беске оқыдым, өз айтқанымнан қайтпайтын алғырмын. Анам өмір бойы менің сенімділігімді көтеріп отырады. Барлық кемшіліктерімді артықшылыққа айналдырып жібереді. Сол себепті мен мүлдем комплексіз өстім. Ер жетіп келе жатқан шағымда анам маған ұрысқанда мен сабанның үстіне барып, жатып алатынмын. Өзі кешірім сұрап, үйге кіргізбейінше мен өзім кірмейтінмін. Мінезім сондай болды. Сол мінездің арқасында лидер болдым. Бұл анамның арқасы деп білемін. Мені сындырмады. Бірақ ол кісіні ойлап кетсем, жаным ашиды. Мұндай мінезді қызды бағып өсіріп, көшке қосу оңай емес", – деп ағынан жарылды әнші. 

Еске салайық, өнер иесі тылсым дүниенің бар екеніне сенетінін айтқан еді. 

Талқылау