Басты жаңалықтар
Соңғы екі аптада Қазақстанға қанша ресейлік кірді – Министр жауап берді
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көрші елде ішінара мобилизация жарияланғалы бері елге қанша ресейлік кіріп-шыққанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет кулуарында журналистер министрден 21 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына қанша ресейлік кіргенін сұрады.
"Екі жүз мыңнан астам Ресей азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда оның 148 мыңы Қазақстан шекарасынан шығып кетті. Мобилизация жариялаған кезде шекарада үлкен кептеліс болғаны рас. Алайда кешеден бері көші-қон сол бұрынғы қалпына келіп жатыр. Мәселен, кеше жеті мыңнан астам ресейлік біздің елге кірсе, он бір мыңға жуығы шығып кетті", деді Ахметжанов.
Ол елге кірген шетелдіктер көші-қон қызметінің бақылауында екенін атап өтті.
Сондай-ақ осы кезеңде Қазақстанның ішкі істер министрлігі заң бұзған 7 ресейлікті елден шығарған. Азаматтық алуға 68 ресейлік өтініш берген.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған