"Солтүстік өңірдің әлеуеті жоғары": Оңтүстіккореялық турист Петропавлда ферма ашу үшін қазақстандық студент атанды
Фото: Видеодан скрин
Оңтүстік Кореядан Қазақстанға турист болып келген О Чон Гиль Петропавл қаласында үлкен кәсіпорын ашпақ. Осылайша 42 жастағы кәсіпкер отандық жоғары оқу орнына оқуға түсіп, магистрант атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
О Чон Гильді Солтүстік Қазақстанның тарихы, табиғаты мен өңірдегі мал шаруашылығы саласы қызықтырған. Шетелдік азамат қала ішіндегі экскурсия кезінде дәмханаға кофе ішпек болып кірген. Дәмханада ол жергілікті университеттің ректорымен кездейсоқ кездесіп, танысқан. Қазір О Чон Гиль агротехникалық колледждің магистранты. Ол Қазақстанда ірі кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр.
“Қазақстанда жер көп. Кореяда сапалы техникалық ресурстар бар. Бұл елдің, әсіресе солтүстік өңірдің әлеуеті жоғары. Мен екі елдің арасында серіктес көпірі болғым келеді”, – дейді оңтүстіккореялық азамат.
Шетелдік студенттің өзінің үлкен фермасы бар. Ірі қара малы да көп. Онда ет пен сүт өнімдерін өңдейді. Оның арманы – осындай жобаны Қазақстанға енгізу.
“Бәрі дәл осылай сәтті болады деп ойламадым. Жастармен бірге қуана-қуана оқимын және өз білімімді бөлісемін. Не дегенмен менің бұл салада жүргеніме көп жыл болды”, – дейді О Чон Гиль.

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
