Солтүстік Кореяның барлау спутнигін екінші рет ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталды
Солтүстік Кореяның ғарышқа тыңшылық спутнигін екінші рет ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын үшін тыңшылық спутнигі - үлкен сыйлық болатын еді. Өйткені ол келіп түсетін шабуылдарды қадағалап, нақты жоспар құруға мүмкіндік береді. Алайда Пхеньян ғарыш агенттігі қазан айында тағы да тыңшылық спутнигін ұшыратынын айтты.
Оңтүстік Корея зымыран ұшырылғанын жергілікті уақыт бойынша 03:50 (GMT 1850) шамасында анықтаған. Спутниктің Қытай мен Корей түбегі арасындағы Сары теңіз арқылы халықаралық әуе кеңістігінен өткенін айтты.
Тыңшылық спутнигін ұшыру кезінде Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава префектурасында төтенше жағдай жарияланды. Ескерту шамамен 20 минуттан кейін жойылды.
"Бұл әрекет БҰҰ қарарларына қайшы келеді және наразылық білдіріп жатырмыз" - деді Жапон премьер-министрі Фумио Кишида.
АҚШ Солтүстік Кореяны "бұдан әрі қауіп төндіретін әрекеттерден" аулақ болуға және байыпты дипломатияға шақырды.
Алайда бүгінгі сәтсіздік Пхеньянның алға жылжуын тоқтатпайтын сияқты.
"Бұл апаттық жару жүйесіндегі қателік. Біз үшін үлкен проблема емес" - деді олар.