Солтүстік Қазақстандағы "өлі" көл қайта тірілді
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Саумалкөл тұзды көлінде шабақтар пайда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көктемде халық арасында "өлі" деп аталған көлге 4,5 млн теңгеге 3,5 млн көл шабақтары жіберілді. Іс жүзінде тәжірибе сәтті болды – шабақтар аман қалып, өскен. Аудан әкімі Дархан Амрин әлеуметтік желідегі парақшасында көлді балықтандырудың нәтижелері туралы қуанышпен бөлісті.
"Саумалкөл - тірі! Саумалкөл көлінің жағасына қобалжулы күйде келе жатырмын. 4 ай бұрын суға жіберілген шабақтар шынымен де аман қалды. Мен өз көзіммен көктемгі тәжірибе нәтижесін тексеруді шештім. Көлдің "тірі" болғанына таңғалып тұрмын. Бұл көптеген адам үшін сенсация болатын шығар. Ғалымдар бұл жоғары тұзды суға тек сиг балықтарының тұқымы өмір сүре алады дейді. P S: су таза, бірақ өте тұзды. Бұл көлді "Ильин" ЖК жалға алған, - деп жазды парақшасында Амрин.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”