Полиция қазақстандыққа 10 жыл бұрын ұрланған ұялы телефонын тауып берді
Қызылжар ауданының тәртіп сақшылары 2014 жылы болған ұрлықты әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйелдің сол кездері танымал марка Samsung Galaxy S III Mini телефонын белгісіз біреулер ұрлап кеткен.
Тәртіп сақшылары ұрының ізіне түсе алмады. Соған қарамастан, 10 жылдан кейін оқиғаға қатысты тың деректер пайда болып, полиция 27 жастағы Қызылжар ауданының тұрғынын ұстады.
Күдікті телефонды ұрлағанда 17 жаста болған екен. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған телефонды қалай қолды қылғанын айтып берді. Ұрланған зат өз иесіне қайтарылды.
“Қылмыстық іс жүргізу ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды. Дегенмен ескі материалдар жаңа мән-жайларды анықтау үшін үнемі қайта қаралатынын атап өткен жөн. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды”, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
Бұған дейін ағайынды екі жігіттің 12 секундта 25 млн доллар ұрлағаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"