Солтүстік Қазақстанда мас жүргізушінің кесірінен ерлі-зайыптылар көз жұмды
Солтүстік Қазақстанда мас күйде көлік басқарған жүргізуші ерлі-зайыптыны қағып кетті. Соққының салдарынан 30 жастағы ер адам мен оның жары сол жерде көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер "Форд фокус" жүргізушісін апат болған жерде құрықтады.
Сараптама қорытындысымен оның ішімдік ішкені дәлелденді. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жалпы жыл басынан бері аталған өңірде жол апатынан 7 адам қаза тапқан.
- Бала емізіп отырған жерінен басына оқ тиген: Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде төрт баланың анасы көз жұмды
- Атырау облысында 5 адам жол апатынан қайтыс болды
"Осы фактіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бастап облыс аумағында көлік құралдарын мас күйінде басқарған 51 жүргізуші және жүргізу құқығынан айырылған 42 жүргізуші ұсталды", - дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Талқылау