Солтүстік Қазақстанда бір жасар қыз суға батып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында 1 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Атығаев айтты.
"Қайғылы оқиға Тимирязев ауданының Докучаев ауылында болған. Жеке үйдің ауласында 2019 жылы туған қыз ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кетті", - деді Атығаев.
Ол баланың денесін судан анасы тауып алғанын айтты.
Бұған дейін Оралда 5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапқаны хабарланды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”