Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында марқұм қызметкерді әріптестерінің өліміне кінәламақ

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында шошқа фермасының аумағында өткен жазда құдықты жөндеу кезінде төрт жұмысшы қаза тапқан. Соған қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Қаза тапқандардың үшеуі іс бойынша жәбірленуші деп танылса, кәріз сорғысы станциясының басшысы 32 жастағы Роман Ахметжанов үш айдан кейін жәбірленушіден күдіктіге ауыстырылған.

Айыптау қорытындысы бойынша жұмысшылар құдықтың ішін толық сормай, сонымен қатар жеке қорғаныс құралдарын қолданбай, жөндеу жұмыстарына рұқсатсыз кіріскен. Алайда құдықтың құрылысы аяқталмағаны белгілі болды. Бірақ туыстарының айтуынша, керісінше кәсіпорын басшылығы жұмысты бастауды ұйғарып, жұмысшыларын өлімге итермелеген көрінеді.



Романның ата-анасы сотқа дейінгі тергеу нәтижесіне наразы. Олар компания басшылығы жауапкершіліктен жалтарып кетуі мүмкін деп қорқады. Сөзінше, ұлы жұмыстағы заңбұзушылықтардың құрбаны болды.

“Ол басшылыққа хабар бермеген дейді. Ал жоғалып кеткен телефонда басшылықпен сөйлескені, дауыстық хабарламалары, жіберген фотосуреттері бар еді. Оны әлдеқашан анықтауға болар еді. Алты ай өтті, ештеңе жасалмады, барлық дәлелдер болса да бұл телефонды іздемеді. Қыруар қаржысы бар басшылықты жазалағысы келмей, барлық жауапкершілікті менің марқұм ұлыма ысырғысы келеді”, – деді марқұмның анасы Клаудия Ахметжанова. 

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы Шу станциясы аумағында екі теміржол қызметкерін пойыз қағып кеткені айтылды.

Талқылау