Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сол жерде өліп кетер еді": Нұр-Сұлтанда құлап кеткен лифтінің ішінде болғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Нұр-Сұлтанда қоғамдық моншалардың бірінде ішінде адам толы лифті құлап кеткен. Сол сәтте лифті ішінде болғандардың бірі Ерғали Әбішевтің айтуынша, лифті бірінші қабатқа жеткен соң есіктері бірден ашылып кетеді. Болған оқиға туралы жәбірленушілердің өздері айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап.

Нур Султан лифт

"Есіктің алдында тұрған Жандос есімді азамат енді шыға бастағаны сол еді, лифтінің есіктері ашылып, төмен қарай құлдилай бастады. Сол жерде би студиясының мұғалімі тұрған, ол жігітті дер кезінде тартып қалды, әйтпегенде ол өліп кетер еді", - дейді жәбірленуші.

Лифтіде қамалып қалған адамдарды құтқарушылар келіп, босатып алған. Ал болған жағдай үшін кешірім сұраудың орнына, монша әкімшілігі лифтіге мінгендердің өздерін кінәлаған.

"Монша әкімшілігінің сөзінше, бұл оқиғаға қызмет көрсететін компания кінәлі екен, олар тек ақшасын төлейді ал қалғанына жауап бермейтіндерін айтады. Алайда қызмет көрсететін компания да жауапты емес екендерін алға тартады", - деп жалғады Ерғали Әбішев.



Лифті құлаған сәтте ішінде тұрған қыздар тізелерімен соғылған. Ал кейіннен олар ішкі ағзаларының, арқаларының ауырып жатқанын айта бастаған. Лифті құлаған сәтте оның ішінде 8 адам болған.

Ерғалидың айтуынша, лифтіге бір мезетте ең көбі 10 жолаушының мінуіне болады. Монша кешенінің қызметкерлері жақын күндері тәуелсіз сараптама жүргізетіндерін айтып, сендірген. Ал зардап шеккен азаматтар бірігіп, полицияға арыз жазып үлгерген.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда жекеменшік моншадағы лифт есігі ашық күйі құлап кеткені туралы жазылған.

Талқылау