Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ХVIII ғасырда салынғандай": Нұр-Сұлтанда тұрғындар ипотекаға алған жаңа баспаналарының жағдайына шағымданды

Тараздағы жаңадан салынған ғимарат тұрғындары ипотекаға сатып алынған баспаналарының жағдайына шағымдануда. Қоныстанушылардың айтуынша, үй сапасыз салынған, инфрақұрылымы жартылай аяқталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар баспананың сыртқы әдемілігі ішкі құрылысына сәкес келмейтінін айтады. 

“Газ да, жарық та, су да жоқ. Бұл жерде қалай тұруға болады? Үш бөлмелі пәтерлерде еден төсегіштері қорқынышты күйде тұр. Ең арзанын төсеген. Ол да толығымен жабылмаған, тақтайшалары құлап жатыр. Ал есіктің сапасын тіпті айтпасақ та болады”, – деді Тараз қаласының тұрғыны Асылзат Қабылбекова.

Тұрғындар ғимараттың елеусіз салынғанын айтады.

“ХVIII ғасырда салынғандай"! Өткен ғасырдың 90-жылдары салынған үйлер онымен салыстырғанда жақсы көрінетін шығар. Қараңызшы, газ құбырларын қалай орнатқан, жай арматураға іле салған”, –  деді тағы бір тұрғын Мөлдір Донасова. 



Бес қабатты жаңа ғимарат өткен жылдың соңында пайдалануға берілген. Содан бері әділдік іздеген тұрғындар барлық жердің табалдырығын тоздырған. Нәтижесінде жергілікті билік мердігерлердің жұмысты сапасыз жүргізгенін мойындады.

"Үй су құбырына қосылған. Сәрсенбі күні жарыққа қосамыз. Бұл жұмыстарды төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті электр желісінің қызметкерлері жүргізеді", – деді Тараз қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Шыңғыс Әлиасқар.

Барлық мәселелерді жергілікті билік алдағы екі апта ішінде шешуге міндеттеді. Мердігер компанияның да бес жылдық кепілдігі бар. Дегенмен тұрғындар шешімін таппаған мәселелердің әлі де көп екенін айтады.

Талқылау