Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғыс тоқтау керек": Дональд Трамп Ресейге қарсы санкция енгізуге дайын екенін мәлімдеді

Дональд Трамп Ресейге санкция салуға дайын

Фото: AP Photo/Mark Schiefelbein

АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеу Киевпен бітімге келіспесе, Ресейге қарсы санкция енгізуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Трамп Ресейге қарсы санкция енгізетінін 1 тамыз күні  Newsmax басылымына берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ ол Путиннің бұл санкциялардан құтылудың “жолын жақсы білетнін” атап өтті. 

“Бұл менің емес, Байденнің соғысы. Мен болғанда бұл соғыс болмас еді. Төрт жыл өтті, Путинмен жеке әңгімелерімді қоспағанда,  ол туралы бірде-бір рет айтылмады. Мен мынаны айтқым келеді: бұл соғыс тоқтауы керек. Бұл — қорқынышты соғыс", – деп атап өтті Ақүй басшысы.

Трампбұл соғысты тоқтатуға барын салғанын айтып қалды. Оның сөзінше, ол үш рет Ресей президентімен келісімге келдім деп ойлаған.

“Мен Путинмен көп сөйлестім, өте жақсы әңгімелер болды. Бірақ елге оралған соң, Киевке немесе басқа қалаларға бомба тасталып, адамдардың қаза тапқанын еститінмін. Сонда ойлаймын: “Біз қазір ғана жақсы сөйлескен едік қой, бәрін келістік деп ойлаған едім”. Бірақ, мүмкін ол бәріне ие болғысы келетін шығар. Бірақ бұл оған оңай тимейді деп ойлаймын”, – деді Трамп.


Путин Украинамен соғысты аяқтау үшін өз шарттарын атады


“Путиннен көңілім қалды”: Трамп Ресейге берген 50 күндік мерзімін қысқартатынын мәлімдеді


Журналист президенттен соңғы бірнеше айда Путин туралы пікірі өзгерген немесе өзгермегенін деп сұрады.

“Ол, сөзсіз, қатты адам, бұған қатысты ойым өзгерген жоқ. Бірақ мен таңғалдым. Бізде бәрін тоқтатуға мүмкіндік бар еді, жақсы сөйлестік. Бірақ содан кейін тағы да бомбалар түсті”, – деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Трамп Ресейге Украинамен соғысты тоқтатуға 10 күн уақыт берген еді.

Айым Болатқызы
Сенбі, 02 Тамыз, 2025 08:57
Талқылау
`