Қазақстандық Lexus автокөлігін сатып, оны иесінен ұрлап кеткен (видео)

Фото: Видеодан скрин
Алматыда өзінің Lexus көлігін сатып, үш жылдан кейін оны иесінен ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
43 жастағы күдікті көлігін сатқанда оның кілтінің көшірмесін алып қалған. Осылайша ұрлықты ұзақ уақыт, мұқият жоспарлаған. Полицияның мәліметінше, ол кілтті пайдаланып, көліктің қайда тұрғанын анықтап, оны заңсыз жолмен қайтармақ болған.
Ер адам ұрлыққа түспес бұрын ауыстыратын киім мен бетперде дайындаған. Көлікті айдап кеткен соң бейнекамераға түсіп қалмас үшін киімін ауыстырып, ватокөлікті қаланың шетіне апарып жасырған.
Полиция іздеу жұмыстары кезінде көлікті тауып алды. Күдікті өз кінәсін мойындап, тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп жатыр. Оған қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Көлік тәркіленді.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді