Сочиде белсенділер «Цезарь» салатын салтанатты түрде «жерледі» (фото, видео)
Бұл халықаралық Gastreet гастрономиялық фестиваль аясында ұйымдастырылған шара. «Жерленген» «Цезарь» салатының құрамына черри қызанағы, қурылған тауық еті, қайнатылған жұмыртқа қосылған.
Дайын салатты белсенділер табытқа салып, тау бөктерінен арнайы көр қазған. Табыт жерленген төбешіктің басына тастан ескерткіш ақташа қойылды.
Шараның ұйымдастырушысы тілшілерге мұндай шараны бірінші рет ұйымдастырып отырғандарын айтқан.
«Басты мақсат- көпшілік осы уақытқа дейін тұтынып, әбден тойған тамақтан бас тарту. Білесіз бе қазір жұрттың барлығы барған жерінде осы салатқа тапсырыс береді. Барлығы себебі оның дәміне әбден үйреніп қалған, ойлануға уақыт жұмсамастан бірден «Цезарь» дейсалады»,-деген пікірде шараның ұйымдастырушысы Анастасия Мартынова.
Мартынованың сөзінше, олар алдағы уақытта осы күнге дәмі бастапқыдан айтарлықтай өзгеріске ұшырап жеткен тағамдарды «жерлеуді» жоспарлауда екен.
Салатты «жерлеу» рәсіміне қатысу үшін арнайы билет сатып алу қажет. Адам басына шараға қатысу құны 5 мың рубльден басталады екен.
Шараға қатысқандар әлеуметтік желілерде ондаған суреттерін жариялады.
Көпшілік бұл жайтты дұрыс түсінбеген. Біраз адам табыттың ішіне расымен де 200 келі «Цезарь» салаты салынғанына күмән келтірген
Прощай, любимчик! #похороныцезаря #gastreetshow #gastreet
Видео опубликовано @yashina2891
В последний путь проводили цезарь на #gastreetshow #gastreet2016
Видео опубликовано Белкин Сергей (@belkinsv)