Сауда орталығында қолы эскалаторға қысылып қалған бүлдіршінді адамдар жабылып құтқарып алды (видео)
Сочидегі сауда орталықтарының бірінде қолы эскалаторға қысылып қалған қызға адамдар жұмыла көмектесті. Нәтижесінде бала аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осы бір әсерлі сәттің бейнежазбасы желіде желдей есуде. Кадрлардан ер жігіттердің бар күшімен экскалатордан қыздың қолын алу үшін секіріп жатқанын көруге болады.
Куәгерлердің айтуынша, нәресте сүрініп, баспалдаққа құлаған. Оның алақаны қозғалмалы баспалдаққа қыстырылып қалған. Бала жандаусы шығып, айқайлай бастапты.
Сауда орталығына келушілер еш сасқалақтамастан, көмекке асыққан. Олар эскалаторды тоқтатып, кері шайқай бастаған. Қыздың қолы сәл сырылғанына қарамастан сәтті құтқарып қала алды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”