СҚО-да жүк көлігімен болған жол апатынан төрт адам қаза тапты

8 қаңтар күні “Астана – Петропавл” тас жолында “Toyota Camry” және “Shacman” жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болып, 4 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, “Toyota Camry” автокөлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.
Қазақстанда жол апатынан адам қаза болған жағдайда сақтандыру төлемін екі есе арттыру ұсынылды
“Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және қауіпті маневрлер ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұқият болыңыздар”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болып, Үндістаннан келген студенттер қаза тапқаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"