Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да полиция сержанты бүтін бір отбасын өртеніп жатқан үйден алып шықты

СҚО-да полиция сержанты бүтін бір отбасын өртеніп жатқан үйден алып шықты.

СҚО-да полиция сержанты бүтін бір отбасын өртеніп жатқан үйден алып шықты

Сурет: Көрнекі сурет

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өрт Жамбыл ауданы Пресновка аулындағы үйлердің бірінде болған. Моншадан шыққан өрт тұрғын үйді де жалмай бастаған. Бұл кезде үйде әйел мен кішкентай екі баласы болған.

«Кешкі сағат 17:00 шамасында Жамбыл ауданы Пресновка аулындағы үйлердің бірінен өрт шықты. Моншада шыққан өрт тұрғын үйге жайыла бастаған. Бұл кезде әйел мен оның 10 жасар қызы, 4 жасар ұлы отағасын жұмыстан күтіп отырған. Олар соңғы сәтке дейін қауіпті жағдайда қалғанын білмеген», – дейді ІІД-дегілер.

Осы кезде Жамбыл ауданындағы АІІБ кезекшісінің көмекшісі, 24 жастағы полиция сержанты Бауыржан Сүріпкелов кезекшіліктен кейін үйінде демалып жатқан. Ол көрші үйлердің бірі өртеніп жатқанын алғашқылардың бірі болып байқапты.

«Ол өрт сөндірушілерді шақырып, ауылдастарын құтқаруға асыққан. Үйден отбасын алып шығып, екінші көршісімен бірге үй мен моншаны біріктіріп тұрған шатырдағы өртті сөндіре бастаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндірді», – делінеді ведомство хабарламасында.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Еркін Әмірханов қамауға алынды

Талдықорғанда 11-сынып оқушысы орамал таққаны үшін ҰБТ-ға кіре алмайтынын айтып жылады

Астанадағы дауыл: Кран машинисі жерге түсіп үлгермей қалған

ОҚО-да асылып өлген полиция қызметкері өзіне қол жұмсар алдында басшысына хат жазған

Талқылау