Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оның айтқанын істемесе болмайды": СҚО-да екі басқарма басшысы жемқорлық жанжалының ортасында қалды

Фото: time.kz

СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарына жауап беретін әріптесіне өтінішпен жүгініп, жемқорлық жанжалының ортасында қалды. Ол Ерден Шортыбаевтан құрылысшылар бүлдірген "Ромашка" бағбандық қоғамындағы саяжай жолын жабуға көмек сұраған. Қиыршық тасқа қайдан тапсырыс беруге болатыны немесе құрылыс фирмаларының телефондарын сұрап емес, көмек көрсетуді сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

28 наурызда қысқа телефон әңгімесін сол кездегі Антикор офицері жазып алған.

Ерден Шортыбаев бұл жазба туралы білмеген, өз орынбасарына мәселені шешуді тапсырған. Ол құрылыс фирмасының басшысына жүгініп, әңгіме "өте маңызды әйел туралы болып отырғанын және одан бас тартуға болмайтынын" айтқан. 

Бас тартпады. Келесі күні қары әлі еріп бітпеген жолға қиыршық тас төселіп, тегістелген. Сосын фирманың директоры жауап алу кезінде өз жұмыстарына ақы алуды ойламағанын да айтты.

“Бұл жұмыс үшін ақы төлеуді талқылаудың жоқтығы қаржы басқармасының басшысының бастапқыда өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, жұмысты өтеусіз орындауға үміттенгенін растайды”, – деді СҚО бойынша мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасы бас маманы Диана Салгарина әдеп жөніндегі кеңес отырысында.

Наталья Дышкант өзіне сенімді сөйлеп, барлық сұрақтарға нақты жауап берді, тіпті өз кінәсін мойындады. Ал Ерден Шортыбаев әдеп жөніндегі кеңес отырысына неге екені белгісіз, келмеді. Қаржы басқармасының басшысы әріптестерінің алдында жалғыз қызарды.

Наталья Дышкант өзі тәртіптік кеңесте жол басқармасының басшысынан көмек сұрағанын жоққа шығармады. Айтуынша, құрылыс фирмасымен келісімшарты болған, бірақ олар материалды әкелгенде жолды бұрып, көршілері шағымдана бастаған. Бұл уақытта ол жұмыста болып, елордаға іссапарға барғалы жатқан.

"Мен Шортыбаевтан көлік табуды сұрадым, бірақ төлемді, әрине, құрылыс фирмасының басшысы жасауы керек еді. Мен төлемді қайта тексере алмадым. Кейін ол түбіртекті жіберді ",- деп түсіндірді СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің Шортыбаевқа неге қоңырау шалғанын, ол қиыршық тас сататынын білдіңіз бе деген сұрағына Дышкант былай деп жауап берді:

"Мамандығым бойынша мен қиыршық тас немесе жұмыстың басқа түрлерімен айналысатын ешкіммен араласпаймын. Ойыма ол ғана келді, ол осы қиыршық тасты қайдан алуға болатынын біледі деп ойладым",- дейді ол.

Наталья Дышкант тек төлем туралы чек жасамағаны үшін ғана кінәсін мойындады.

Екі басқарма басшыларына қандай жаза қолдануды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өзі шешуге тиіс. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеуніктерге қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасауға дауыс берді.

Айнұр Мұхади
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 16:04
Талқылау