Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО әкімдігі футболшыларға 1,7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер футболшыларға 1,7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланды. Лоттың сипаттамасында тапсырыс берушінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы екені көрсетілген.


"Допқа емес, бюджетке таласады": Депутат футбол клубтарын жекешелендіру жұмыстарын жеделдетуді талап етті


“Атауы – спорт клубтарының қызметтері. Қосымша сипаттамасы – Солтүстік Қазақстан облысының атынан 2026–2028 жылдарға арналған QJ League командалары арасындағы Қазақстан біріншілігіне, сондай-ақ футбол орталықтарының топтары арасындағы республикалық жарыстарда өтетін ҚР чемпионатына дайындық және қатысу қызметтері. Жоспарланған сома – 1 711 163 793,1 теңге”, – делінген порталдағы ақпаратта. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15–23 желтоқсан аралығында қабылданады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы 14 футбол клубының бесеуі жекенің қолына өткені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 17 Желтоқсан, 2025 23:05