Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СК-Фармацияда "жасырылған" дәрілік заттар туралы жанжалды видеоға жауап берді

"СК-Фармация" ЖШС әлеуметтік желілерде пайда болған компанияның қоймаларында жасырылған дәрі-дәрмектер туралы видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

СК-Фармация

Видео Facebook әлеуметтік желісінде тарады.

Компанияның баспасөз қызметі бейнеде түсірілген қойма Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан "СК-Фармация" ЖШС ресми қоймасы екенін атап өтті.

"Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютор ретінде" СК-Фармацияның " жолға қойылған логистикалық желісі бар. Бұл логистикалық желіге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында 4 ірі логистикалық хаб кіреді, бұл жерде дәрі-дәрмек препараттары тұрақты негізде осы қалалардың медициналық ұйымдары бойынша, сондай-ақ жақын маңдағы өңірлер бойынша жеткізіледі, олардың әрқайсысында бүкіл өңір үшін бір айлық дәрі-дәрмек қоры сақталатын транзиттік қоймалар бар және өз кезегінде дәрі-дәрмектер өңір ішінде таратылады", - деп түсіндірді компанияда.

Қоймаларда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін аурудың 136 тобына арналған дәрі-дәрмектер қоры (онкология, қант диабеті, артериялық гипертензия, АҚТҚ, туберкулез және басқалар), сондай-ақ стационарлық көмек үшін барлығы 1415 зат сақталуғаны да хабарланды.

Бұл ретте осы қоймалардағы дәрілік заттардың қоры медициналық ұйымдар бойынша тұрақты түрде тасымалданады және үнемі толықтырылады, өйткені жеткізушілерден жеткізілімдер де тұрақты негізде жүргізіледі екен.

"СК-Фармация" қоймаларында жақын маңдағы өңірлер үшін екі айлық препараттар қоры сақталады. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы хаб бес облысты (Ақмола, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды облыстары мен Солтүстік Қазақстан облыстарын) және астананы, Алматы хабы - Алматыны, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысын, Шымкент – Шымкент, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарын, Ақтөбе - Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс – Қазақстан облыстарын қамтамасыз етеді.

Транзиттік қоймаларда бір ай бойы барлық өңірді осы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін әр өңір бойынша дәрі-дәрмектерге бір айлық қажеттілік сақталады.

"Сәйкесінше, "СК-Фармация" қоймаларында дәрілік препараттардың айтарлықтай көлемі бар, олар видеода көрсетілген", - деп түсіндірді компанияда.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "СК-Фармация" компаниясын тексеруді бастағаны хабарланды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "СК-Фармация" мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды. Көп ұзамай басшылар қызметінен кетті.

Талқылау