"СК-Фармация" басшысы Біртановты қолдай ма?
Онлайн-брифинг барысында "СК-Фармация" басшысы Есқалиев Ерхат Серікұлы Біртановқа қатысты ешнәрсе айта алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Есқалиев журналистердің "Біртановты қолдау туралы құжатқа қол қоясыз ба?" деген сұрағына жауап берді. Ол өзінің жеке пікірімен бөлісуді жөн санамаған.
"Бұл сұраққа қатысты жауап бермеуді жөн санаймын. Бұл менің құзіретіме кірмейді. Және жеке пікір болғандықтан, ойыммен бөліскім келмейді", - деп қысқа қайырды Есқалиев.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн