"Сіздікі жай ма?!": Ерке Есмахан пластикалық отаға қатысты бағдарламада атын атаған Ләйлә Сұлтанқызына ренжіді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Ерке Есмахан журналист Ләйлә Сұлтанқызына ренжіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медиа маманы Ләйлә Сұлтанқызы өзінің YouTube арнасында пластикалық ота жасайтын хирургтарды қонаққа шақырып, отандық жұлдыздардың қайсысы қандай ота жасатқаны туралы сұхбат жүргізген еді. Дәрігерлердің әңгімесінде Ерке Есмаханның есімі де аталды.
Дәрігерлердің айтуынша, ол жағы мен көзіне пластикалық ота жасатқан. Қазақстанда сұраныс жоқ болғандықтан, Кореяда жасатқаны туралы болжам айтты.
Бұл жағдай әншіні қатты ашуландырды. Жеке парақшасында журналистті белгілеп, ренжігенін жасырмады.
"Ләйлә ханым, сіздікі жай ма? Сұхбаттастарыңыздың айтып отырған қорқынышты нәрселерінің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас әпкем ретінде өтірікке жол бермей, қорғаудың орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды", – деді Ерке.
Одан кейін әнші хайп пен қаралым жинау үшін атын пайдаланатындарға ескерту жасады.
"Өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін!", – деп жазды ол.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Журналист әзірге пікір білдірген жоқ. Ал бағдарламадан Еркеге қатысты айтылған болжам қиылған.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
