Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр елдің сізді таң-тамаша ететін рождестволық дәстүрлері (фото)

Әдетте қай дәстүр болмасын өзгелерді әркез таңғалдырып отырады. Ал оны бала кезден біліп, көріп өскендер үшін аса таң-тамаша боларлық ештеңесі жоқ екені түсінікті.

132

Бұл туралы Buzz Feed хабарлайды.

Бүгін назарларыңызға ғажайып, бірақ түсінікті рождестволық дәстүрлерді ұсынамыз.

Жапония

1293

70-жылдары Жапонияда KFC желісі қуырылған тауық етін дәстүрлі рождестволық тамағы ретінде жарнамалайды. Сол уақыттан бері Жапонияда рождестволық кешкі асқа міндетті түрде KFC қанатшаларын қосады.

Аргентина

2184

Аргентинада анасы немесе әжесі әйелдерге алқызыл түсті іш киім сыйлайды. Ол өзіне махаббат сыйлауы үшін әлгі ішкиімді міндетті түрде жаңа жылда кию керек.

Эстония

3130

Ол жақта айтарлықтай таңғаларлық болмаса да, бір атап өтуге тұрарлық. Мереке қарсаңында ол елде үй ішін әсемдеп болғаннан кейін саунаға бару дәстүрге айналған.

Чехия

4117

Чехияда тұрмысқа шықпаған қыздар жақын маңдағы есікке қарай туфлиді иығынан асыра лақтырады. Егер аяқ киімнің тұмсық тұсы есікке қарап қалса, онда қыз күйеуге тиеді деген ырым бар.

Испания

5101

Тио де Надаль — каталониялық қызыл бас киім киген күлімдеп тұрған ағаш бөрене. Оны Caga Tio деп те атайды. Аударғанда “дәретте отырған бөрене” деген мағынаны білдіреді.  Дәстүр бойынша, балалар 8 желтоқсаннан бастап Рождествоға дейін әлгі бөрененің жағдайын жасайды. Оны жылы көрпемен қымтап, тәттімен тамақтандырады. Ал сосын бөрене балаларға тәттілерді шығарып тастай салады.

Үндістан

698

Бұл жақта шырша, қылқан жапырақты ағаш аз болғандықтан, мереке келісімен банан немесе манго ағаштарын құлпыртып киіндіре бастайды.

Франция

886

13 тәтті тағам – Прованс өлкесіндегі дәстүр. Тәттінің саны Иисус пен 12 уағызшыны білдіреді. Барлық тамақты Рождество кезінде жеп тауысу керек.

Швеция

982

Евле қаласында сабаннан жасалған алып теке бар. 60-жылдардан бері жыл сайын оны мереке құрметіне өртейді.

Мексика

1079

23 желтоқсан күні Оахака қаласында шалғам түні басталып, тұрғындар одан әртүрлі нәрселер істейді. Бұл жыл сайынғы мереке сонау отаршылдық уақытынан бері тойланып келеді.

Латын Америкасы

11124

Латын Америкасының көптеген елдерінде балаларға сыйлықты Санта-Клаус емес, бала Иссус алып келеді.

Австрия, Германия, Чехия, Венгрия және Словения

1294

Крампус — Орталық Европадағы танымал кейіпкер. Бұл Санта-Клаусқа мүлде керағар кейіпкер. Адамдарды ұрып-соғып, қатыгездік танытады. Тіпті европалық елдерде адамдар жын-перілердің кейпінде киініп, көше бойымен шерулетіп өтеді.

Колумбия

132

Новена — ежелгі колумбиялық дәстүр. Бұл дәстүр бойынша адамдар 16 желтоқсаннан бастап 9 күн бойы жалынып, жалбарынып, дұға етеді. Одан соң дәмді кешкі асқа отырады.

Оқи отырыңыз:

Жапония премьер-министрі күзетшілерінің сыпайылығы желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Жолаушы ұшақта өзіне еркектің жыныс мүшесіне ұқсайтын тағам бергенін айтты

«Әлемдегі ең сұрықсыз қыз» көңілге тиерлік сөз айтқандарға қарсы шықты

Оқушы жігіттер мұғаліміне өздерінің ұрығы қосылған бәліш берген

Талқылау