Сіздерден екі апта бойы шыдамды болуларыңызды сұраймын: вице-премьер Тоғжанов жұмыссыздарға үндеу жасады
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов кейбір кәсіпорындардың жұмысын екі аптаға тоқтата тұруға түсіністікпен қарауды өтінді және карантинде ақша табудың үш әдісін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біріншіден, бізде бірнеше формалар бар. Барлығын бірден жабу қажет емес. Қашықтан онлайн жұмыс істеуге арналған схема бар. Ешкім тыйым салмайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерді қашықтан жұмыс форматында жұмыс істете алады", - деді Тоғжанов.
Екіншіден, заңға сәйкес жұмыс берушілер осы кезеңге қосымша көмек көрсете алады.
"Үшіншіден, жұмыспен қамту орталықтары бар. Жұмыссыз қалған адамдар сол жерге жүгіне алады. Біз бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Мерзімі екі апта, шыдамды болыңыздар", - деп түйіндеді сөзін вице-премьер Ералы Тоғанжанов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”