Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиясы жоғалып кететін қалам мен бюллетеньдерді жабылып салғандар: ОСК желідегі роликтерге қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина жылудың әсерінен жоғалып кететін қалам сиясы мен бюллетеньдерді жабылып салып жақандар туралы желіде тараған роликтерге қатысты пікір білдірді. Ол аталған ақпараттардың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Сиясы жоғалып кететін қалам мен бюллетеньдерді жабылып салғандар: ОСК желідегі роликтерге қатысты пікір білдірді

ОСК мүшесінің сөзінше, бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына және өңірлік сайлау комиссияларына дауыстарды есептеудегі бұзушылықтар туралы мәлімет түспеген.

Өз сөзінде Зәуреш Баймолдина желіде тараған бұзушылықтар туралы роликтердің жалған екенін айтты. 

«Қандай жалған ақпарат тарамай жатыр. Бәрін қолдан жасауға болады. Бізде мұндай фактілер болған жоқ. Жалған ақпараттар қайда түсіріледі? Талай қойылымдар қойылады», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде бюллетеньдерді жабылып салып жатқан адамдар туралы видео пайда болған еді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Маусым, 2019 13:12
Талқылау