Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди соқыр қызды сомдау үшін, зағип қыздан сабақ алды

Өзі продюсерлік еткен «Соқыр Махаббат» фильмінде Сиви Махмуди зағип жандарға арналған мектепке барып, зағип қыздан дәріс алды,-деп жазы  Stan.kz тілшісі.

Сиви

Соқыр махаббат» фильмінде Сиви Махмуди басты рөлдегі анельдің рөлін сомдайды. Соқыр қызды ойнау үшін ол «зағип жандарға арналған мектепке» барып, көзі көрмейтін қыздан бірнеше уақыт дәріс алған.

«Мен зағип жандарды түсіну мақсатында арнайы мектепке бардым. Ол жерде сұрауым бойынша жасы 22-23 жас шамасындағы қыздың қасында жүру бұйырды. Ол қыздың көзі жол апатынан кейін көрмей қалған екен. Онымен бірге өткізген уақытымда, көптеген дүниені түсініп, бағалауым керектігін ұққандай болдым»,-дейді Сиви Махмуди.

Әнші әрі продюсер Сиви киноның алдындағы дайындық кезінен көп сабақ алыпты. Алдағы уақытта зағип жандарға көмек көрсетіп тұруды әдетке айналдырмақшы.

«Осы күнге дейін 10 киноға түстім. Бірінші рет өз кейіпкеріме үлкен дайындықпен кірістім. Мен көзі көрмейтін жандардың басындағы қиындықты жаныммен түсіндім. Алдағы уақытта зағип жандарға көмектессем деп отырмын»,-дейді актриса.

Ал, Ренат Баситов қазақ тіліндегі киноны қабылдамай жатқан кинотеатрлардың басшыларына өкпелі. Әуелгіде актерды жекеменшік кино түсіруші компания басшылығы ренжітсе, енді кинотеатр басшылығы ашуын туғызыпты.

«Кино театр басшылары қазақ тілді киноға ешкім билет алмайды деп отыр. Біз бұл киноны жұртқа көрсетіп, байығымыз келіп тұрған жоқ. Менің ренжитінім Қазақстандағы кинотеатрлар қазақ тіліндегі киноны көрсетуге құлықсыз. Біз киноның тілін қазақша етіп әдейі таңдадық. Өзіміз қазақ емеспіз бе?»,-дейді Ренат Баситов.

Оқи отырыңыз:

Айдарбекова: Ендігі арманым күйеуімді актерлық, әншілік жағынан таныту

Жазира Байырбекованың анасы: Жазира бірде ағасының басын темірмен ұрып, жарып қойған (фото)

Жан Ахмадиев: “Темір қатын” туындысын шоу-бизнестегі тәрбиесіз әйелдерге арнаймын

Жұлдызай Дүйсенбиева: Жүкті кезімде әкемнің көзіне көрінбедім

Асхат Тарғын: Үйленбес бұрын қызымнан рұқсат сұрадым

Ақбота: Қыруар қаржыны тойыма шашқанша, балаларыма жұмсаймын

Кентал: Туған күнімді тойлағым келмейді. Ол ажалды жақындастырады (фото)

Талқылау