Сиви Махмұди елден жасырған күйеуін көрсетіп оған деген сезімін білдірді (фото)
Әнші Сиви Махмұди алғаш рет өмірлік серігі мен үш баласын көрсетті. Әнші Жаңа жыл қарсаңында отбасылық фотосессия ұйымдастырып, отбасын қуантты, деп хабарлайды Stan.kz.
Сиви Махмұди ел алдында өмірлік жолдасына деген сезімін білдірді. Оның күйеуіне деген махаббаты, ыстық ықыласы желі оқырмандарын сүйсінтті.
«Әрқашан жаныңда боламын. Көзқарасыммен жылытамын. Жақсы көріп, сыйлаймын, бағалаймын. Әркез адал боламын, ешқашан ұрыспаймын. Әрқашан қолдау көрсетемін. Кез-келген қатеңді кешіремін. Біздің қадірлі әкеміз, менің сүйікті жарым. 6 жылдан бері біргеміз. Аллаға шүкір», – деп жазды Сиви.
Айта кетейік, Сиви Махмұдидің екі ұл, бір қызы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Нұртас Адамбай французды қалай қазақша балағаттағанын айтып берді
МС Сайлаубек қазақстандықтардан 2 миллион ақша сұрады
Баян Есентаева Ақан Сатаевтың фильміне түсуді армандап жүр
Баян Есентаеваның кіші қызы көпшілікті өнерімен таңғалдырды (видео)
Талқылау