Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды
Танымал әнші Сиви Махмудидың бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/zhuldyzdar.otbasy
Жаңалықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.
“Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті іздеуді жүргізіп жатыр”, – деп жазды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы.
-
"Мұрным мен төсімді өзгерттім": Сиви Махмуди пластикалық ота жасатқанын растады
-
"Дубайдан көлік алып береміз": Бір топ адам Сиви Махмуди мен оның көмекшілеріне алданып қалған
Stan.kz тілшісі мән-жайды білмек болып, өнер иесіне хабарласты. Алайда тұтқаны әншінің директоры алып, түсіндіріп берді.
“Ол кісі де жаңалықтардан естіді. Бірақ екеуі бес жылдан бері бірге тұрмайды. Ол адамның не істеп жүргенінде шаруасы жоқ. Бұрынғы өмірі”, – деп қысқа қайырды арт-директор.
Еске салайық, "Күйеуім көшенің адамы болды" деп Сиви Махмуди балаларының әкесімен ажырасып кеткенін растаған еді.