Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сырттан сөз тасымағаны дұрыс": Меруерт Түсіпбаева Айгүл Иманбаеваның ұлына қатысты ойын ашық айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжанның тәрбиесіне қатысты пікрі білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/meruert_tusupbaeva/aigul_imanbayeva

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева бір сұхбатында ұлы Асылжанды әкесімен арақатынасын үзбеу үшін екінші әйелі Алтынай Жорабаева екеуінің үйіне жіберіп тұрғанын айтқан. Айтуынша, баласы Алтынайдың өзін жақтырмайтынын айтып, жылап келетін көрінеді. Осы сұхбатқа қатысты Меруерт Түсіпбаева да өз ойын айтты. 

“Алтынай Жорабаева – өте жақсы адам. Төрт қыз туып, өсірген ананың пейілі кең, жүрегі жұмсақ болады. Және ер баланың үйге сырттан сөз тасымағаны дұрыс. Солай тәрбиелеу керек”, – деп жазды өнер иесі.

Бұған дейін Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға сұхбат берген болатын.

 

 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 22 Маусым, 2023 09:14