Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириялық босқын қыз Германияның “шарап ханшайымы” атанды

Сириялық босқын қыз Германиядағы шарап өндіретін аймақтың “ханшайымы” атағын иеленді. Осылайша алғаш рет тарихта босқын болып келген әйел заты “шарап ханшайымы” атанып отыр.

_90670653_034356525

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Нинорта Бахноның айтуынша, оның марапаты өзге босқындардың неміс қоғамына сіңісе түсуіне үлкен мүмкіндік сыйлайды деп үміттенеді.

26 жастағы сириялық қыз өз еліндегі азаматтық армия жаулап алынған аумақтан 3 жыл бұрын қашып келген. Бахно Германияның батысындағы Триер қаласының “шарап ханшайымы” атанды. Мозель деп аталатын вино өндіретін аймақ Люксембургпен шекарада орналасқан.

“Германия өте керемет ел, ал немістер қонақжай халық. Олар босқындардың өз қоғамына жедел әрі оңай араласуы үшін көмек беруде”, – дейді Бахно.

_90670649_033783697

Өткен жылы Германия миллионннан астам мигрантты қабылдаған болатын. Олардың көбісі Сириядағы соғыстан бас сауғалап келгендер. Ал Нинорта Бахно енді Триер қаласының атынан басқа да сайыстар мен шаралар да өнер көрсетеді. Оның сөзінше, басқа босқындар оның осындай марапатты ұтып алғанына қатты қуаныпты.

“Шарап ханшайымын” таңдау дәстүрі Германияда 1930 жылдардан бастау алған. Жыл сайын қыркүйек айында 13 вино аймағынан жиналған арулар бас жүлдені сарапқа салады.

Талқылау