Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириядан қайтып келген балалар ДНҚ-тестін тапсырады

ҰҚК-нің мәліметінше, сириялық-ирактық аумақта шамамен 900 қазақстандық бар. Олар шетелге 2011-2016 жылдардың аралығында кеткен. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, ДНҚ-тестті Сириядан қайтып келген, туысқандарың қамқорлығына өткен балалар тапсырады.

Басқарманың ақпараты бойынша, Сириядан 30 әйел, алпыс бала елге оралуға дайындалып жатыр. Сириялық-ирактық аумақта кәмелеттік жасқа толмаған 500-ден астам бала бар. Олардың көбісі сол жақта туылған. Ал олардың ата-аналарының құжатын террористер жойып тастаған.

“Көптеген балалардың ата-аналары қайтыс болды. Балалар қалды. Олар баспанада. Біз оларды алып келдік, бірақ балалардың ата-аналары жоқ. Осы жақта кімге табыстау керектігін білу үшін туысқандарын іздейміз. Әрине, немересі немере інісі және екенін дәлелдеу керек. ДНҚ сынамасы алынады. Қан арқылы туыстық қатынастары анықталады”, — дейді діндік экстремизм профилактикасы басқармасының жетекшісі Бауыржан Бәкіров.

2018 жылы 20 қазақстандық Сыртқы істер министрлігіне қауіпті шетелдерден туысқандарын қайтару туралы өтініш білдірген еді. Қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, осыған ұқсас өтініштер әлі күнге дейін түсуде.

“Сириялық билік біздің сұрақтарымызға жауап тауып беруге тырысады, бізге жақсы қарайды. Өкінішке орай, ирандық биліктермен жағдай қиындау. Біздің арамызда әзірге қайтару жөнінде мемлекетаралық келісім жоқ. Сирияның билігі аймақты өз иелігіне неғұрлым тез алса, отандастарымыздың елге оралу туралы сұрақтары соғұрлым тез шешіледі”, — дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр