AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыраға құмарлық пен жыныстық қатынаста жұқтырған түрлі инфекциядан": Қазақстандық ерлер арасында белсіздік белең алды

Елімізде ерлер арасында белсіздік белең алуда. Мұны дәрігерлер айтып, дабыл қағуда. 1 күнде бедеулікке ұшыраған 10 азаматты қабылдаймыз дейді. Айтуларынша, ерлер арасындағы белсіздік бұрын-соңды мұндай  көп болмаған. Ал, әлеуметтанушы осының кесірінен талай шаңырақтың шайқалып жатқанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме беріп.

Уролог-андролог Ернұр Айнаев

Уролог-андролог дәрігердің айтуынша, ер азаматтар өз кінәсін мойындамайды, мамандарға көрінуге намыстанады, сондықтан дер кезінде ем қабылдамайды. Ал оның соңы мүлдем ұрпақсыз қалуға әкеледі дейді.  Бұрын бедеуліктің ең ауыр түрі азоспермия диагнозымен айына тек 1 пациент келсе,  қазір айына кем дегенде 25-26 пациентті қабылдайтынын айтады.  

“Бізде ер жігіттер бірінші бармайды ешқашан. Бізде бірінші әйелі тексеріледі бірінші, 2 рет, 3 рет, енді кейбір кезде болады әйелі бірінші рет барып, бәрі жақсы деп айтқаннан кейін күйеуі тексеріліп жатқандар бар. Оларды уақытылы емдеп, қайтадан еркекті өзінің бала көтерту қабілетіне жеткізсе болады”, – дейді андролог дәрігер Ернұр Айнаев.

Көп жағдайда адамдар баланың болмауына  әйелді кінәлайтын көрінеді. Бірақ маман мұнымен келіспейді. Айтуынша, оның орта жастағы пациенті жылдар бойы балалы бола алмаған.  Сол себепті 3 рет ажырасып, 3 рет қайта үйленген.  Ақырында, кінә өзінен екені  анықталыпты.

“Көтермей жатқан кезде ойланған. Может менде шығар проблема, 3 әйел алдым, үшеуі де көтерген жоқ. Содан кейін тексерілуге келіп отыр. Ол жігіттің жетесіне жету үшін ол 2 әйелді жіберіп отыр. Қандай өкінішті нәрсе. Мен үнемі айтамын, еркекті тексеру өте оңай, өте арзан. Әйелге қарағанда”, – дейді уролог, андролог дәрігер Ернұр Айнаев.

Әлеуметтанушы Салтанат Оразбекованың саралауынша, ер кісілердің бұл жағдайға қол сілтей салуы қоғамдағы қысымның, тым намысшыл болудың салдарынан екен.  Соның кесірінен ажырасу көп дейді.   Статистикаға  сүйенсек, биыл 48 мыңнан астам отбасы ажырасқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайыз көп.


Дәрігер: COVID-19 вакцинасы ерлерді белсіздіктен қорғай алады 


“Жас ерекшеліктері бойынша айтатын болсақ, ер адамдарда ең көп ажырасу жасы 34-39 жасты құрайды. Ал, әйел адамдарда 25-34 жасты құрайды”, – дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алданғарқызы.

“Баланың жоқтығынан ажырасу проценті өте жоғары. Қоғамдағы давление дейміз ғой. Қоғамдық әсер өте жоғары. Ер адам бедеу болса, ұрпағы жоқ деген сияқты. Яғни, намысына тиеді”, – дейді әлеуметтанушы.

Мамандар ерлер арасында бедеуліктің белең алуы-жастардың сыраға құмарлығынан және жыныстық қатынаста жұқтырған түрлі инфекция салдарынан дейді. Сол себепті,  мектептерде жыныстық сауаттылықты үйрететін арнайы  пән болғаны жөн деп санайды.   

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр