AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыр жұрты ақынға құрмет көрсетті

Қызылорда қаласында қала күні мерекесі аясында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның 5 томдық таңдамалы жыр жинағының тұсаукесер рәсімі және Жастар театры ұсынған "Ұлардың дауысы" атты поэзиялық қойылымының премьерасы өтті.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев төл өнер – айтыс атасын  мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.  Ақын өз кезегінде қала күніне орай біршама кітаптарын қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне сыйға тартты. Салтанатты шара "Ұлардың дауысы" атты поэзиялық қойылымның премьерасымен жалғасты. 

Ж.Ермановтың өмірі мен өлеңдеріне құрылған "Ұлардың дауысы" атты поэзиялық қойылым - Қызылорда қаласының Жастар театры, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, жырау, профессор А.Алматов пен ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, режиссер-сценарист О.Нұрмахановтың бірлескен туындысы.

Қойылым қиял құшағындағы бала Жүрсін бейнесімен бастау алып, ары қарай жігіт Жүрсіннің азамат болып қалыптасу жолындағы арпалысты сәттерін театр әртістері ақын өлеңдері арқылы жеткізді. Спектакльдің негізгі бөлімінде сахнада көрініс табатын бәйтерек – өмір ағашы, оның жапырақтары ақынның 70 жасқа дейінгі сәулелі сәттері мен мұңды мезеттерін, жеңісі мен жеңілістерін, Тәңір қосқан қосағы -  Бақытжамалмен бірге кешкен ыстық та суық, ащы да тәтті тіршілігін бейнелейді. 

Қойылым соңында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман қызылордалықтарды қала күні мерекесімен құттықтап, қала басшылығына және театрдың шығармашылық ұжымына алғысын білдірді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр