Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер жаңа жылдық демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстан аумағы бойынша 2023 жылдың 30 желтоқсаны мен 2024 жылдың 1 қаңтары аралығына арналған ауа райы болжамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: catalog-photo.ru

Жылдың соңғы күндерінде еліміздің басым бөлігінде жылымық сақталады. Атлантика аудандарынан тағы бір циклон жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары және бұрқасынмен желдің күшеюімен келеді.

Ауа температурасы түнде солтүстікте 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, орталықта 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін күтіледі. Ал оңтүстікте 3-11 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін ауытқу байқалса, батыста басым температура 3 градус аяз -2 градус жылы, шығыста 0-10 градус аяз, оңтүстік-шығыста 2-10, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз болады. Күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында 5 градус аяз-2 градус жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады.

Талқылау