Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер сәуір айының ауа райы болжамын жасады

Синоптик мамандар сәуір айына арналған ауа райы болжамын айтты. «Қазгидрометтің» болжауынша, күн көктем мезгілінің соңына қарай жылынбақ.

0ро

Сәуір айы суық желден басталып, кей аймақта тайғақ мұзға ұласады. Батыста түнгі температура 2-10 градусты, күндіз 0-8 градусты қамтитын болады. Солтүстікте түнде 5-15 градус аяз болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік—шығыста ауа температурасы түнде 0-5 градусты, күндіз +5 +13 градусты құрайтын болады.

Ал айдың соңына қарай Қазақстанның барлық аймағында күн жыли бастайды. Солтүстікте басқа аймақтарға қарағанда күн қаттырақ суытса, оңтүстік аймақтарда суық жауын-шашын болады. Айдың соңына қарай солтүстікте түнде +2+3, күндіз +3+8 градус жылы болады. Ал оңтүстік аймақта түнде +3+10 градус, күндіз +10+15 градус жылы болады.

Осылайша орташа есеппен ауа температурасы Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай аймақтарында 1 градустан төмен болмақ. Ал Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 1 градустан жоғары болады.


Жіберіп алмаңыз:

Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуов тағы істі болды

Алматы облысында қытайлық кәсіпкер мен Қазақстан азаматтары соттасып жатыр

Жолаушы метрода сүйіскен жігітті балағаттап, вагоннан теуіп түсірді

Дәретхана алдында жатқан Абай суреті бар кілемше жұртты ашуландырды

Талқылау