Синоптиктер Алматыда қаңтар бойы ауа-райы қандай болатынын айтып берді
Алматыда қаңтар айында қысқа мерзімге созылатын жылымық түседі. Бұл туралы «Казгидромет» өкілі хабарлады.
Алайда метеорологтар аяздың 1 аптадай сақталатынын болжап отыр.
«Сібір антициклонының ықпалы Қазақстанның көптеген облыстарында білінеді. Алматы мен Алматы облысында жақын арадағы 3 тәулікте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -12,-17 градусқа төмендесе, күндіз -3, -8 градус суық болады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады», – деді «Казгидромет» РМК-ның Алматы бойынша бөлімшесінің бас маманы Лариса Степанова.
8 қаңтардан бастап аймақта ауа температурасы көтеріле бастайды.
Ауа температурасы түнде -5, -10 градус болса, күндіз 0, -5 градус шамасында сақталады.
Алматының ауа бассейнінің бірқатар факторларына байланысты қалада ауа райы +1, +2 болады.
Ал қысқы қатты аяздар қарсаңында солтүстік облыстарда түнде -25,-30 градус, күндіз – -20, 25 градус аяз болады. Ал оңтүстікте түнде аяз -17, -22 градусқа жетсе, күндіз – 10, 15 градус суық болады.
Тағы оқыңыз:
Жаңа жыл түнінде танымал әншінің ұлы қайтыс болды
Астанадағы «Магнумда» шіріген мандаринге қатысты тексеру жүргізілетін болды
Дүкен сөресінде жүгіріп жүрген егеуқұйрық видеоға түсіп қалды (видео)
Ескерту: Астананың кейбір көшелері уақытша электр қуатынан ажыратылады