Синоптиктер алдағы күндері көктайғақ болуы мүмкін деп болжайды
Синоптиктер 2016 жылғы 14-16 қаңтарға жасаған ауа-райы болжамын жариялаған. “Қазгидромет” ұсынған болжам бойынша елімізге ызғар әкелген антициклон енді шығысқа қарай жылжымақ екен.
Шығысқа қарай жылжыған антициклонның орынын Қара теңіз аудандарынан келетін кезекті бұрқасын циклон басады. Сол себепті алдағы 5 күндік шамасында қар қалың түсіп, желдің соғу секунды 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін. Сәйкесінше көктайғақ болады деп те күтілуде.
Алғашқы кездерде батыс облыстарда, сосын 16 қаңтарға таяу республиканың өзге аймақтарында температураның жоғарылауы орын алмақ.
Талқылау