Синоптиктер үш облыстың тұрғындарына дабылды ескерту жариялады
Мұндай табиғат апаты еліміздің өзге өңірлерінде де болуы мүмкін, деп хабарлайды КТК.
Бүгін «Қазгидромет», әсіресе, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының тұрғындарын абай болуға шақырды.
Өйткені болжам бойынша алдағы бірнеше күнде аталған өңірлерде қатты жауын-шашын мен найзағай және дүлей дауыл болуы мүмкін. Ал, еліміздің батыс аймағында керісінше аптап ыстық болады деп күтілуде. Сондықтан синоптиктер Ақтау мен Атырау жұртына да ми қайнатар ыстықта сақ болуға кеңес беріп отыр. Жалпы, мамандар ауа райының жиі тосын мінез танытатынын айтады.
“«Қазгидромет» жүргізген мониторинг бойынша жыл сайын климат өзгеріп келеді. Яғни табиғат тарапынан түрлі қауіп көбейіп жатыр”, – дейді «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Мереке Әбдірахметов.
Тағы да оқыңыз:
Атырауда өз кінәсін мойындамаған қылмыскер сот отырысында тамырын кесіп жіберді
Дауыл кезінде үйдің шатыры басып қалған 80 жастағы соғыс ардагері хәл үстінде жатыр
12 жастағы Жәнелге бүйрегін берген ер адам өзін алдап кеткенін мәлімдеді