Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сынып жетекші өгей қызын зорлаған педофилді ұстауға көмектесті

Фото: Pixabay.com

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында педофилия ісі бойынша сот отырысы аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

44 жастағы ер адам зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер жасады, сондай-ақ кәмелетке толмаған өгей қызын бірнеше рет зорлады.

Қылмыстық кодекстің 120-баптың 4-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сот жабық есік жағдайында өтті.

Сондай-ақ сот моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызды ішінара қанағаттандырып, сотталушыны жәбірленуші тарапқа 8 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Ер адам қылмысты 2021 жылдың сәуірінде және 2022 жылдың қаңтарында жасағандықтан, ескі Қылмыстық кодекс бойынша жаза тағайындалды. Сот аталған баптар бойынша өгей әкені 23 жылға бас бостандығынан айырды.


"Үйде ешкім жоқ кезде тиіскен": Ақтөбе облысында жиенін жылдар бойы зорлап келген екі ағайынды өмір бойына сотталды


Қазақстанда оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды


Қазақстанда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп өзін зорлады деп жала жапқан: Енді анасы жазықсыз күйеуін түрмеден босата алмай жүр


Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам қызды алғаш рет 2017 жылы сегіз жасында бірге тұрған кезде зорлаған. Бұл Шығыс Қазақстан облысында болған, кейін ерлі-зайыпты үйленіп, Павлодар облысына көшіп кеткен, өгей әкесі қызды зорлауды жалғастырған.

Өткен жылдың күзінде 15 жасқа толғанда ол алғаш рет жағдайды сынып жетекшісіне айтып, мектеп психологы мен білім беру мекемесінің директорына жеткізді. Қыз ауруханаға жіберілді, онда бәрі расталды. Осыдан кейін бірден мектеп оқушысының анасы полицияға арыз түсірген.

Еске салсақ, төрт өгей қызын зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кеткен еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 09:24
Талқылау