СІМ: Кемероводағы өрттен қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ
Ресейдің Кемерово облысында өрттен көз жұмғандар тізімінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
«Алғашқы түскен ақпараттар бойынша, Ресейдің Кемерово облысындағы өрттен көз жұмғандар тізімінде қазақстандықтар жоқ. Қазір РФ ТЖМ зардап шеккендердің тізімін құрап жатыр. Біз ресми хат жібердік. Нақты деректер келген соң, тағы да хабарлаймыз»,-деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Өрт жексенбі күні, 25 наурызда, күндіз басталған. Жалын балалар ойыншығы тұрған жоғарғы қабаттан басталды. Жоғарғы қабатта балаларға арналған аттракцион мен кинотеатр болған.
Ресейдің төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Владимир Пучков өрттен көз жұмғандар саны 64 адамға жеткенін мәлімдеді.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде сотталып жатқан азамат ернін тігіп тастап аштық жариялады
Қазақстандық сауда орталықтары Ресейде болған қайғылы оқиғадан кейін де тексерілмейтін болды
Алматыда қызды 1 миллион теңгеге сату туралы хабарландыру шықты