Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Испанияда қазақстандық кәсіпкердің қайтыс болуы туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды 

Бұған дейін Испания ақпарат құралдары Қазақстан азаматының мәйіті табылғанын хабарлаған болатын. Бұл Словакияның Қазақстан Республикасындағы бұрынғы құрметті консулы, қазақстандық кәсіпкер Марат Сабалақов болды.

«Біздің консул Мадридтен 500 шақырым жерге, оқиға болған жерге  шығып кеткен. Испания полициясы тергеу жүргізді. Өлім зорлық-зомбылықсыз болды, ол аурудан қайтыс болды. Туыстарына хабардар етілді, денесі екі-үш күнде жеткізіледі», - деді журналистерге арналған брифингте ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.


Тағы оқыңыз: Қазақстандық бизнесмен Испаниядағы вилласында өлі күйінде табылды

Талқылау