Сифилис жұқтырды деп кінә тағылған 23 жастағы қазақ қызы ел алдына шықты
Бұған дейін желіде жас жігіттің “Индира Жанет маған сифилис ауруын жұқтырды” деп түсірген бейнежазбасы тараған болатын. Даулы оқиға жайлы бойжеткеннің өзі баяндап берді.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.
Индира Жанет есімді 23 жастағы қазақ қызы тікелей эфирге шығып ел алдында болған жайтты баяндап берді.
“Бейнежазбадағы жігіт Альнұр Ташболат есімді менің бұрынғы жігітім. Сол күні жұмыстан ауырып келген едім. Ол үйіме келіп, есікті тарсылдатты. Мен оны кіргіздім. Ол маған айқайлап, видеоға түсіре бастады. Мен қорыққаннан ештеңе істей алған жоқпын. Бұл видео желіге жарияланған соң мен өзіме қол жұмсағым келді. Бірақ ата-анамды, отабсымды ойладым. Өліммен ешнәрсе шеше алмайтынымды, ата-анама кір келетінін түсінген соң, сот арқылы өзімді ақтайын деп шештім. Алматыда дәрігерлерге тексеріліп, өзімнің таза екенімді көрсеттім. Бірақ туыстарым арасында дау туды. Жұмысымнан да шығып кеттім. Жанет деген атамның атына кір келді. Сондықтан бұл істі соңына дейін жеткізем”, – дейді Индира Жанет.
Арна тілшілері Индира берген Альнұр Ташболаттың телефонына хабарласып көрді.
“Ештеңе жұқтырған жоқпын. Бәрі таза. Полицияда бәрі көрсетілген”, – деді жігіт телефонмен сөйлескен уақытта.
Бұған қатысты “Жалған ақпарат тарату” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Егер күдіктіні кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Заңгерлердің айтуынша, адамның абыройы мен атақ беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді мына әлеуметтік желілерді әлеуметтік каналдарда баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, жалған түрде жариялаған кінәлі адамды да сот екі жылға дейін бас бостандығынан айырмақ.
Тағы да оқыңыз:
Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен намазхан баланы зорлап тастаған
Тоқтар Әубәкіров өзгепланеталықтарды өз көзімен көргенін айтты
Қостанай тұрғыны жолдасын өлтірдім деп ойлап тірідей көміп тастаған