Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: Айбатыр Жұмағұловқа қатысты мәселе жоқ, тексеріс жүргізілмейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов медициналық сақтандыру қорының қызметін тексеру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасарына медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловқа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр ма деген сұрақ қойылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қатысты біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргіземіз. Бұл тексеру емес, бизнес-процестерді талдау. Қылмыстық-құқықтық аспект бойынша қордың бұрынғы директорына қатысты сұрақтар туындамайды. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірленеді. ӘМСҚ тиімділігін арттырады», - деді Олжас Бектенов Антикор брифингіде.

Шілде айында қазақстандықтар медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловтың әйелінің жазбасын талқылады. Қолданушылар Гүлбаршын Заированың күйеуі сыйлаған жаңа автокөлігімен мақтанған жазбасына ашуланды.

Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айбатыр Жұмағұловты қызметінен босату туралы бұйрық беріп, қор жетекшісі қызметіне «неғұрлым іскер» адамды тағайындауды ұсынды.

Жұмағұлов қызметінен босатылды, қордың жаңа басшысы Болат Төкежанов болды.

Шілде айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр