Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған
30 жастағы Шымкент тұрғыны 60 жастағы көңілдесін жалаңаш суреттерін желіде жариялап жіберемін деп қорқытқан. Келіншек көңілдесі 100 мың АҚШ долларын берген жағдайда ғана райынан қайтатынын айтқан,-деп жазады Stan.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
1957 жылы туған азамат көңілдесінің қорқытуынан кейін полицияға шағым түсірген. Іске тәртіп сақшылары араласқаннан кейін келіншек ақшаны алып жатқан кезде қолғ а түскен. Ол ҚРҚК 194 бабы яғни бопсалаушылық бабы бойынша жауапқа тартылатын болады.
ОҚО полицияс өңірде қылмыстың осындай түрі жиі кездесетінін айтады. Былтырдың қзінде тура осындай 5 бопсалаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылған Әрі олардың барлығы дерлік бірін бірі желі арқылы тауып танысқандар екен.
Оқи отырыңыз:
Астаналық студенттің эротикалық суреттерін желіге сүйіктісі таратқан
Астанада даяшы өзінің суретін жарнамаға қолданған клуб иесін сотқа берді
Қытайда бір отбасының 500-ден астам мүшесі бірге суретке түсті (фото)
Димаштың «сүйіктісімен» түскен суреттері қытайлық жанкүйерлердің ашуын тудырды (фото)