Шымкентте жылдамдықты 260-қа жеткізіп мақтанған жүргізуші жол апатына ұшырады (видео)
“Шымкенттің жолы, 240 деген осы болады” деп Мерседестің жылдамдығын шектен асырып жіберген азамат жол апатына ұшырады. Қазір көлікте болғандардың қал-жағдайы қандай екенін, оқиғаның қай жерде, қашан болғанын ешкім айта алмай отыр.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Бірақ, Whatsaap желісі арқылы тараған бұл видео мыңдаған адамды ойландырып тастады. Өйткені, елімізде жылына 15 мың жол апаты ресми тіркеледі. Яғни, әрбір жарты сағатта 1 апат. Ал, үш жағдайдың бірінде ғана ел полиция шақыртатынын ескерсек, 10 минут сайын бір авария. Соның көбі – дәл осылай қатты жүргеннен болады.
Бұл әуесқой түсірілімдегі жүргізушінің өзін жұртқа мақтаныш еткен сәті. Күре жолдардың бірінде жүйткудің жаңа рекордын жасамақшы болған азамат, алдыңғы көліктің сағатына 260 км жылдамдықта келе жатқанын хабардар ете, одан оза берісте, жол апатына түскенін анық аңғарасыз.
Елді шулатып үлгерген қорқынышты жазбадағы жүргізушінің қазіргі халінен әзірге хабар жоқ. Шымкент ауруханалдарына да түспепті. Полицейлер болса Мерседес 240 автокөлігінің жылдамдықты асырып, жол көлік оқиғасын жасағанын, алайда полиция органдарына ешкімнің арызданбағанын, яғни облыс аумағында мұндай деректің әлі тіркелмегенін айтады.
“Роликте көрсетілген автокөліктің жүргізушісі іздестірілуде. Анықталған кезде автокөліктің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады”, – дейді ОҚО ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова.
Мамандар біздегі жолдың сапасын айтпағанның өзінде, аса қатты жылдамдық көлікті игере алмауға әкеп соқтыратынын, 240 пен 260 дегеніңіз, жүру былай тұрсын, ойлауға болмайтын жылдамдық екенін айтады.
“Керекті бір жері жұмыстан шығып та қалуы мүмкін. Себепсіз жағдаймен. Ол кезде ол автокөлікті тоқтату да мүмкін емес. Біз өзімізді және басқаларды да ойлауымыз қажет”, – дейді автокөлік сарапшысы Аброрбек Алярбеков.
Полициядағылар жүргізушінің ұялы телефонға келіп түскен қоңырауға, құлағына тосып сөйлескенде ғана, оны жауаптылыққа тарту мүмкіндігін айтады. Ал егерде оны тасада ұстап сөйлесер болса, дәлелдеу қиын деп отыр.
Ғаламтор беттерінде жарияланған көлік, дәл сол аударылған Мерседестің өзі болуы мүмкін. Ол енді жоғары класты элиталық көліктен бір сәтте қоқыстағы металл сынығының күйіне түскен.
Тағы да оқыңыз:
Петропавлда бокс чемпионы науқас анасымен бірге лашықта тұрып жатыр (фото)
Алматыда метроға бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті
АҚШ-та төрт жасар қыз жүйткіп бара жатқан автобустан құлап түсті (видео)